Бибісара Асаубаева Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орын алды

07.07.2022 15:26

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады

Instagram/bibisarachess

Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында Сербияның Нови-Саде қаласында өткен Serbian Chess Open-2022 турниріндегі жетістігі туралы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Олимпиада алдында жақсы шыңдалдым. «Сербия опен», Шебер турнирі, әйелдер арасында 3-орын, рейтингім өсе түсті! Енді сүйікті бапкерлерімнің ең мықты жиынына жол тартамын! Рахмет, құрметті жанкүйерлер!» - деп жазды шахматшы қыз.