|
06.02.2021 | 11:58
4594

Данияр Елеусіновтің рингке қашан оралатыны белгілі болды

Бұл туралы боксшының промоутері Эдди Хирн айтты

Данияр Елеусіновтің рингке қашан оралатыны белгілі болды Фото: sport.inform.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) промоутері Эдди Хирн клиентінің қашан рингке оралатынын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Данияр осыған дейінгі жекпе-жегінде Индонгомен жақсы айқасып, жеңіске жетті. Ол үлкен жекпе-жектерге дайын. Бұл жігіт 147 фунтта шығып жүрген кез келген боксшы үшін үлкен мәселеге айналады. Қазірдің өзінде үлкен қадамдар жасап жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ол сәуірде рингке оралады», – деді Хирн. 

Әзірге Елеусіновтің қарсыласы әзірге белгісіз. 

Еске сала кетсек, қарашада Данияр екінші раундта намибиялық боксшы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир