22 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турындағы кезекті матчтер өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
D тобындағы ойында Хорватия мен Шотландия кездесті. Ойын Глазгодағы «Хэмпден Парк» стадионында өтті. Хорваттар қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Хорватия сапында Никола Влашич (17-минут), Лука Модрич (62) пен Иван Перишич (77) гол соқты. Ал шотландиялықтардың жалғыз голын Каллум Макгрегор (42-минутта) салды.
Модричтің голы әдемі болды. Жартылай қорғаушы айып алаңына енер тұста қақпа бұрышын дәл көздеді.
Лондонда D тобының екінші матчі өтті. Англия құрамасының футболшылары Чехияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз допты 12-минутта Рахим Стерлинг соқты.
3 матчта 2 гол ғана соққан Англия құрамасы 7 ұпай жинап, топтан бірінші орынмен шықты. 4 ұпай еншілеген Хорватия екінші орын алды. Дәл осынша ұпайы бар Чехия үшінші орында. Бұл екі құрама да плэй-офф кезеңіне шықты. Шотландия бір ғана ұпаймен топта соңғы орын алды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!