Спортшыларымыз Қытайда 4 алтын медальға ие болды

05.06.2019 16:49

Чунцинь қаласындағы Asian Grand Prix Series халықаралық жеңіл атлетика турнирінің бірінші кезеңі аяқталды

yandex.kz

Қытайдың Чунцинь қаласында Asian Grand Prix Series халықаралық жеңіл атлетика турнирінде қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап. 

100 метрге жүгіру жарысында Ольга Сафронова мәреге бірінші болып келді. Иван Иванов ядро лақтыру сайысында жеңімпаз атанса, 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева бірінші орынды иеленді.

Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс медаль иегері атанды. Ал Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендовалар  4*100 эстафетасында үздік үштікті қорытындылады.

Осылайша қазақстандық спортшылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.