Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Е.Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сәтте Еленаның доп берудегі қателігінен кейін И.Швентек брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен Е.Рыбакина қайта брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:3. Сосын тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
Жарты сағатқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Кори Гауфф немесе рейтингте 17-сатыдағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.
Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды.
Елена Рыбакина жұптық сында келесі айналымға өтті.