Теннистен Қазақстан әйелдер командасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

03.06.2022 15:32

Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды

Olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Almaty.tv  тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. 

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:

1. Аустралия – 1002,71 ұпай;

2. Франция – 885,6;

3. Испания – 884,62;

4. Чехия – 842,92;

5. Швейцария – 881,81;

6. Канада – 780,09;

7. АҚШ – 758,09;

8. Словакия – 744,23;

9. Қазақстан – 704,75;

10. Германия – 702,52.

Теги: жарыс