|
11.03.2021 | 10:35
1179

Футболдан Чемпиондар лигасы: ширек финалға шыққан төрт команда анықталды

9 наурызда Португалияның «Портуы» Италияның «Ювентус» (2:1, 2:3) клубын, Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы Испанияның «Севильясын» (2:2, 3:2) орта жолда қалдырып кетті

Футболдан Чемпиондар лигасы: ширек финалға шыққан төрт команда анықталды  Фото: ашық дереккөзден алынды

UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан төрт команда анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

10 наурызда «Ливерпуль» (Англия) мен «Лейпциг» (Германия) 1/8 финалдың қарымта ойындарын өткізді. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде неміс командасы қарсыласынан өз алаңында 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы да дәл сондай есеп тіркелді. «Ливерпуль» сапынан Мохамед Салаз 70, Садио Мане 74-минуттарда мергендік танытты. 

Енді ағылшын клубы жарысты жалғастырады. Испанияның «Барселонасы» да биыл аталған доп додасын ерте аяқтады. Әлемге әйгілі команда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының осал тұсын таппады. Қарымта кездесуде француз клубынан Килиан Мбаппенің 30-минутта пенальтиден соққан добына 37-минутта Лионель Месси бір голмен жауап қайырды. Ойында 1:1 есебімен тіркелді. Алғашқы ойында өз алаңында «Барселона» қарсыласынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілген еді. Нәтижесінде «Пари Сен-Жермен» ширек финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, 9 наурызда Португалияның «Портуы» Италияның «Ювентус» (2:1, 2:3) клубын, Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы Испанияның «Севильясын» (2:2, 3:2) орта жолда қалдырып кетті. Айта кетерлігі, дүние жүзіне белгілі жұлдыздар Лионель Месси («Барселона») мен Криштиану Роналду («Ювентус») екеуі бірдей соңғы 16 жылда алғаш рет ширек финалдан тыс қалды. Енді қалған төрт ойын 16, 17 наурыз күндері өткізіледі. Алдымен 16 наурызда «Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия Менхенгладбах» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания) - «Аталанта» (Италия) командалары кездессе, 17 наурызда «Челси» (Англия) - «Атлетико Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) - «Лацио» (Италия) командалары шеберлік байқасады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир