Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

10.11.2019 15:37

Кездлесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен өткен жекпе-жекте  WBC Continental Americas және WBO Global тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды vesti.kz.

Кездлесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша нокаутқа түсірді.  Әлімханұлы үшін бұл кездесу кәсіпқой бокстағы сегізінші, әрі сегізінші жеңісі. Ол төрт рет мерзімінен бұрын жеңген. 24 кездесу өткізген канадалық үш рет жеңілген бір рет тең түскен.  

Әлімханұлы 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жұдырықтасып келеді, бұрындары ол әуесқой бокста жүрді. 2018 жылы қыркүйекте ол қазақтанды АҚШ-та жұдырықтаса бастады.