Өткен маусымда Испания Примерасында 35 матч өткізіп, 30 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанған
«Барселона» капитаны Лионель Месси каталониялық клубтан кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Клуб сайтының ақпаратына сүйенсек, екі тарап келісімшартты ұзарту туралы келісімге келсе де, Месси командада қалмайтынын айтқан. Экономикалық ереже мен Примера шектеулеріне байланысты жаңа келісімшарт жасалмаған.
Аргентиналық футболшы карьерасында тек каталониялықтар сапында ойнаған. Өткен маусымда Испания Примерасында 35 матч өткізіп, 30 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанған.
Айта кетейік, Месси мен «Барселона» арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталған болатын.