Азия чемпионаты 13-18 сәуір аралығында өтеді
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК атқару комитетінің мүшесі Н. Лаловичпен алдағы уақытта Алматыда өтетін күрес жарыстарын талқылады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК атқарушы комитетінің мүшесі Н. Лаловичпен алдағы 13-18 сәуір аралығында Алматыда өтетін Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін Азия біліктілік турнирі мен күрестен Азия чемпионатының барысын талқыладық. Спортта сәттілік серік болсын!» – деді әкім.