Асқар Нарқұлов Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
el.kz
Бүгінгі медальдық есеп бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 2 күміс, 2 қола жүлде бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан екінші қола жүлдені Асқар Нарқұлов салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Асқар дзюдо спорт түрінен 73 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде қырғыз елінің спортшысын жеңді. Алғашқы белдесуде Қытай елінің дзюдошысынан басым түсіп, одан кейін Монғолия мемлекетінің спортшысына есе жіберіп, қанағаттандыру белдесуінде италиялық спортшыны ұтты", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Бүгінгі медальдық есеп бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 2 күміс, 2 қола жүлде бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25