Қазақстандық спортшылар Еуропа чемпионатында джиу-джитсудан жүлделі орын иеленді

31.08.2022 15:44

Чемпионатқа 30 елден спортшылар қатысты

пресс-служба акима Алматы

Хорватияның Сплит қаласында джиу-джитсудан өткен AJP Tour Europe youth – GI ашық чемпионатында Армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Sagadat Batyr - QTT клубтың спортшылары жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Чемпионатқа 30 елден спортшылар қатысты. Сайыс нәтижесінде 8-9 жастар арасында Қазбек Тәжібай, 30 кг, Шыңғыс Әблакат - қола (37 кг, 12-13 жас) және Самат Айтпанбет (62 кг, 18 жастан жоғары) қола медаль иегері атанды.