67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды. Нәтижесінде отандасымыз әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесіне қол жеткізді.
Айта кетері, Абылайхан Жүсіпов осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.
Белград шаршы алаңында кешкі сессияда Қазақстан сапынан Серік Теміржанов пен Сәкен Бибосынов жарыстың финалдық жолдамасын сарапқа салады.