Ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі
Алматылық заңгер Ержан Есімханов Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүзіп өту уақыты 14 сағат 21 минутты құрайды, қашықтығы - 34 шақырым. Ержан Есімхановтың айтуынша, ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі. Басым бөлігін түнгі уақытта жүзген.
«Бүгін Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Франция жағалауында Қазақстан туын көкке көтердім», - деп жазды ол Instagram парақшасында.