Жапонияда жазғы Олимпиада коронавирусқа байланысты 1-2 жылдан кейін өтуі мүмкін

11.03.2020 в 15:48

Жапония шамамен 75 миллиард доллардан айырылуы мүмкін

Бұл туралы «Токио-2020» атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Дегенмен, ол іс-шараны бір жылға шегеру қиын болатынын айтады. Себебі олимпиада басқа да маңызды спорттық шаралармен қабаттасып қалуы мүмкін. Өйткені келесі жылдағы жарыс кестелері толық келісіліп қойған. Сондықтан, шегерген жағдайға екі жылға ауыстыру оңайырақ болады деген пайымда.

Айта кетеу керек, атқару комитеттің мәліметінше, олимпиада ойындарын өткізбеу туралы шешім шығар болса, Жапония шамамен 75 миллиард доллардан айырылуы мүмкін, ал жалпы ішкі өнім 1 жыл ішінде 1,4 пайызға қысқармақ.