|
13.08.2024 | 20:34
2096

Өрт-құтқару спорты-2024: Алматыда алғаш рет әлем чемпионаты өтеді

Үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағы үшін алты елдің командалары қатысады

Өрт-құтқару спорты-2024: Алматыда алғаш рет әлем чемпионаты өтеді Алматы қаласы әкімдігінен

Алматыда 15-18 тамыз аралығында жасөспірімдер мен жастар, жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар арасында 2024 жылғы өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы ТЖД басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемдегі үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағы үшін алты елдің Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары арасында сайыс өтеді. Сонымен қатар, Камерун мен Сауд Арабиясының өкілдері бақылаушы ретінде шақырылған.

Төрт күн бойы спортшылар өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтан өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімі 15 тамызда сағат 20.00-де Орталық стадионда өтеді. Шоуда арнайы отты эффектілер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, ТЖ жағдайында өрт сөндірушілердің күшін көрсететін құтқарушы спортшылардың жанды жанды қойылымдары көрсетіледі. Сондай-ақ қатысушы командалардың шеруі өтеді.

Күні мен уақыты: 15 тамыз сағат 20.00

Мекен-жайы: Орталық стадион (Сәтбаев көшесі, 29/3)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир