Бұл – Альварестің 55-ші жеңісі
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес түркиялық Авни Йылдырымды жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың кездесуі Майамиде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.
Үшінші раундта мексикалық боксшы түркиялық қарсыласын нокдаунға жіберді. Үзілістен кейін боксшы командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Бұл – Альварестің 55-ші жеңісі және 37-ші нокауты. Йылдырым үшінші рет жеңіліс тапты.
«Канело» былтыр желтоқсанда ұлыбританиялық Каллум Смитті жеңіп, WBA (Super) және WBC нұсқасында екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.
Бұған дейін Альварес осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, мамырда екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесетіні туралы ақпарат шыққан еді.
Айта кетейік, бұл дивизионда наурызда рингке оралуды жоспарлап отырған қазақстандық Әли Ахмедов өнер көрсетеді.
Сондай-ақ мексикалық әлем чемпионын орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам рингке шақырды.