Алғашқы үштікте Алматы, Астана, Қарағанды қалалары кірді
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызмет көлемі 334,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8% артық, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасаөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде спорт клубтарының көрсеткен қызметі көлемі 18,4 млрд теңгені, спорт нысандарын пайдалану – 17,6 млрд теңгені, фитнес-клубтар – 16 млн теңгені, ойын-сауық саябақтарының қызметі – 12,3 млрд теңгені құрады. Десе де қызмет көлемінің негізгі үлесі – 62,9% (210 млрд теңге) осы саладағы қызмет көрсету демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтің өзге де түрлеріне тиесілі.
Сондай-ақ қуыршақ театрларының қызмет көрсету көлемі 651,1 млн теңгені, тирлар қызметі – 322 мың теңгені құрады.
Жалпы, өңірлік көрсеткіште қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі 180,6 млрд теңге. Сондай-ақ алғашқы үштікте Астана қ.(39,1 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (12,8 млрд теңге) тұр.
Оқи отырыңыз: Алматыда 7-8 қазанда қайда баруға болады