Шавкат Рахмонов АҚШ-та аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті

05.03.2023 16:22

Қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті

saryarqanews.kz

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдын ала мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды. Осыған қарамастан Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил жекпе-жегі салмақ айырмашылығына қарамастан өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық гимнаст әлем кубогында жеңіске жетті