«Қайрат» ФК-нің бас жаттықтырушысы отставкаға кетті
inform.kz
Команданы «Каспийге» қарсы кубоктық матчқа Гавриленко Артем Анатолийұлы дайындайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Қайрат» ФК-нің бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер «Алашкертпен» болған матчтан кейін қызметінен кететіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз соңғы мачта қанағаттандыратын нәтижеге жете алмадық. Осыған байланысты бас жаттықтырушының қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Клубтың маған білдірген сенімі және бас жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін», – деді Кирилл Кекер.
Команданы «Каспийге» қарсы кубоктық матчқа Гавриленко Артем Анатолийұлы дайындайды.
Еске салсақ, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасынан жеңіліп қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10