Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді
Абай облысы Үржар ауданында Құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігін ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Абай облысының әкімдігі ұйымдастырды.
Салтанатты шарада Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” директоры Б.Сәбитов спортшылар мен қонақтарды құттықтады.
Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты.
Әлем біріншілігінде спортшылар “бүркіт”, “қаршыға”, “ителгі” бойынша сынға түсті.
Ұлттық құрама мүшелері Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
"Бүркіт" бойынша:
І - Бабажан Серікболсын (Қазақстан);
ІІ - Нұман Өмірбек (Қазақстан);
ІІІ Орын - Бәйтілкәріп Өркен (Моңғолия);
ІІІ Орын - Тастанбек Байрақ (Қазақстан).
"Ителгі" бойынша:
І Орын - Оспанқұлов Таңат (Қазақстан);
ІІ Орын - Сандыбай Ерлан (Қазақстан);
ІІІ Орын - Налват Мурат (Түркия);
ІІІ Орын - Кеуенов Бағдат (Қазақстан).
"Қаршыға" бойынша:
І Орын - Сейітжан Бексұлтан (Қазақстан);
ІІ Орын - Серікбек Ерасыл (Қазақстан);
ІІІ Орын - Тайманов Айшуақ (Қазақстан);
ІІІ Орын - Айбекулу Салават (Қырғызстан).
Ұлттық спорт түрі “құсбегіліктен” өткен тұңғыш әлем чемпионаты саятшылық өнерінің халықаралық деңгейде дамуына жол ашты.