Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды
Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында финалға шыққан қазақстандықтар белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Естеріңізге салсақ, жартылай финалға елімізден жеті боксшы жолдама алған еді. Олардың арасынан төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты. Финалға шыққан төрт боксшының үшеуі ресейлік қарсыластарымен қолғап түйістірді.
Атап айтқанда, Махмуд Сабыржан (52 келі) Василий Егоровтан, Әбілхан Аманқұл (75) келі Андрей Ковальчуктен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Андрей Коменковтен мықты екенін дәлелдеді.
Ал, Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровтан айласын асырды.
Айта кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен 100-ге жуық боксшы келді. Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды.