Чемпионат Глазгода (Шотландия) өтті
Олимпиада чемпионы және Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің жас санаты бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Винокуров Глазгода (Шотландия) +50 жас санатында өнер көрсетіп алтыннан алқа тақты. Екінші орынды испандық Рауль Патино, үшінші орынды Адриан Яш иеленді.
Айта кетейік, маусым айында Винокуров Таиландта өткен Азия чемпионатында да алтын жеңіп алған болатын. Ол +50 жас тобында Masters санатында өнер көрсетті.