|
24.04.2022 | 11:06
20741

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмендеді

Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмендеді ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көшбасшы позициясынан айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты.

Ендігіде Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан барлық боксшылар енген (pound-for-pound) BoxRec рейтингінде екінші орында тұр. Оның ұпайы – 688,7. Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын.

Boxrec.com рейтингінде бірінші орын қайтадан максикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (57-1-2, 39КО) берілді, 869,7 балл.

Әлемнің үздік боксшыларының үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29КО) түйіндеп тұр, 513,6 балл.⠀

 Еске салайық, биылғы 9 сәуірде Риота Муратамен жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерінің иесі болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир