Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша "QAZAQSTAN" деген атаумен шығады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиаладық комтитеті мемлекеттік тілде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.
"Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының "QAZAQSTAN" деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады", – деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.
Комитеттегілердің айтуынша, шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді.