Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (15-0, 11 КО) Брайтонда (Англия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Зауырбек аргентиналық Серхио Мартин Сосамен (13-3, 3 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.
Осылайша, Сұлтан Зауырбек кәсіпқой мәнсабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бұған дейін Зауырбек WBO «еуропалық» және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ шетелдік журналистер мен комментаторлар Сұлтан Зауырбекті «жаңа Геннадий Головкин» және «Қазақ патшасы» деп атады.
Оқи отырыңыз: Алматының жас боксшылары «Канело» залында жаттығу мүмкіндігіне ие болды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!