2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

30.11.2021 16:16

Бұл туралы Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеме жасады

championat.com

2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді. Мұндай шешімді қабылдауға "Омикрон" штамының таралуы себеп болды. Спорттық шараның қашан өтетіні әзірге белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеме жасады.

"Африка елдерінен келген спортшылар коронавирусқа байланысты 10 күнге оқшаулану керек", – деп мәлімдеді Швейцария билігі.

Универсиада 2021 жылдың желтоқсан айында Швейцарияның Люцерн қаласында өткізілуі керек еді. Қатысушылар қатарында Қазақстан студенттер құрамасы бар. Бұған дейін де қысқы Универсиада 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанға шегерілген болатын.