Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирін жеңіспен бастап, ірі доданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлемнің жұптық сындағы 21-ракеткасы А.Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге алғашқы айналымда словакиялық Тереза Михаликова – чехиялық Квета Пешкемен ойнады. Қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Анна мен Александра 1 сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 брейктен аса алған жоқ. А.Данилина мен А.Саснович жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен таласады.