|
11.06.2023 | 15:08
2701

Қазақстандық жас спортшы халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Бұл – Заңғар Нұрланұлының Халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы

Қазақстандық жас спортшы халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды ktf.kz

Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

14 жаcтағы Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.

Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,

Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир