Қазақстандық үшін бұл ең ірі промоушендегі алтыншы жекпе-жек болды
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 296 турнирі аясында америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды, Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік қазақстандық аралас стильдегі бас файтері әуеліден-ақ америкалықпен жекпе-жекте айқын фаворит саналған. Қазақстандық үшін бұл ең ірі промоушендегі алтыншы жекпе-жек болды.
Шавкат үшін бірінші раунд тек клинч-бақылауда өтті. Ал екінші раундта ол тұншықтырудың арқасында ММА-да 18 және UFC-де 6-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Алматылық психологиялық мүгедек спортшылар волейболдан республикалық жарыста 1-орынды иеленді