Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

20.09.2021 16:28

Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын

karate.ru

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) 2022 жылы жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің мәлімдеуінше, қазақстандық боксшы рингке биыл желтоқсан айында оралады. Бірақ қарсыласы әлі ресми хабарланбады. GGG жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) күш сынасуы мүмкін.

Леффлердің сөзінше, Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.