Головкин Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған DAZN-ді сотқа бермек
Боксшы Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмағанына қапалы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмаған DAZN компаниясынан көңілі қалған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылар осы жылдың қыркүйек айында трилогия өткізулері керек еді, алайда екі тарап өзара келісімге келе алмаған болатын. Қазақстандық боксшының командасы компанияның уәдесін орындай алмағанына, атап айтқанда Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмағанына қапалы.
Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, Головкиннің ұжымы DAZN-ге қарсы әрекет етуге дайындалып жатқан көрінеді. GGG Канеломен үшінші жекпе-жекті өткізіп беруге уәде бергені үшін DAZN стримингтік сервисімен келісімшартқа отырғанын айта кетейік.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33