Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова спортқа оралғаннан кейін 19 маусымда Қазанда алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мен қазір тек сол жекпе-жек туралы ғана ойлаймын. Өйткені Софья Очигава әйелдер боксының аңызы. Алдағы жоспар - реванш өткізу. Әлемдік рейтингтегі үздіктермен бокстасқым келеді. Екінші мақсат - Кэти Тейлормен жекпе-жек өткізу", — деді Фируза Шарипова.
Кездесуді Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Шарипованың қарсыласы Олимпиада ойындарының финалисі, ресейлік спортшы Софья Очигава.
Ол қазақстандық боксшымен кездесуде титулын қорғайды. Ол өткен жылы италиялық Амира Каниццароны жеңген болатын.
Еске сала кетсек, Фируза Шарипова бір жарым жыл үзілістен кейін спорттағы карьерасын жалғастырады. Оның рингтен уақытша кетуіне қаржы мәселесі себеп болған.