Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды

31.08.2024 16:34

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті

Фото: gov.kz

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.