Геннадий Головкинді жеңген мексикалық Сауль Альварес 68-ші сатыда тұр
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасы жасаған әлемдегі танымал 100 спортшы рейтингіне енді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы 78-орында тұр. Былтырғы рейтингіде ол 61-орында болған еді. Рейтинг спортшылардың сыйақылары мен жарнамалық табыстары, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі танымалдылығы мен Google-да іздеу мөлшері бойынша жасалды.
Рейтингте португалиялық футболшы Криштиану Роналду көш бастап тұр. Америкалық баскетболшы ЛеБрон Джеймс екінші орында келеді. Үздік үштікті аргентиналық футболшы Лионель Месси түйіндеді. Рейтингінің үздік ондығына енгендер:
4. Неймар (Бразилия, футбол);
5. Конор МакГрегор (Ирландия, ММА);
6. Роджер Федерер (Швейцария, теннис);
7. Вират Кохли (Индия, крикет);
8. Рафаэль Надаль (Испания, теннис);
9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол);
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф).
Боксшылардан ең жоғарғы орын - америкалық Деонтей Уайлдерде. Ол 34-сатыға жайғасқан. Оның британиялық қарсыласы Тайсон Фьюри 39-шы позицияда тұр. Ұлыбританияның тағы бір ауыл салмақтағы боксшысы Энтони Джошуа 63-орында келеді.
Былтыр қыркүйекте Геннадий Головкинді жеңген мексикалық Сауль Альварес 68-ші сатыда тұр. Филиппиндік Мэнни Пакьяо тізімде 83-ші болып тіркелген.