Қазақстан құрамасы биылғы жылы алғашқы ресми матчын өткізді. Михал Билектің командасы Ұлттар лигасы аясында Литваға қонаққа барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Матчтағы есепті 3-ші минутта Бактиер Зайнутдинов ашты. Қапталдан Бауыржан Исламхан әуелетіп көтерген допты жас шабуылшы қақпаға дәл бағыттай білді.
Матч аяқталуына аз қалғанда, алаңға тыңнан қосылған Исламбек Қуат есепті еселей түсті. 86-ші минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы жасаған соққы маңдайшаға тиіп, қақпаға дөп кірді.
Ұлттар лигасы. С тобы
Литва – Қазақстан 0:2 (0:1)
Голдар: Зайнутдинов, Қуат
Литва: Барткус, Баравикас, Паленис, Гирдвайнис, Миколюнас, Шимкус, Ласицкас, Воробьев, Сиргедас, Казлаускас, Черных
Қазақстан: Покатилов, Быстров, Вороговский, Әліп, Малый, Марочкин, Перцух, Әбікен, Исламхан, Сүйімбаев, Зайнутдинов
Литва, Вильнюс, LFF — Ветра стадионы