|
12.02.2021 | 11:36
929

Зарина Дияс жеңіліп қалды

Небәрі 57 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы атақты қарсыласына 1:6, 1:6 есебімен жол берген

Зарина Дияс жеңіліп қалды Sports.kz

Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінде қазақстандық Зарина Дияс келесі кезеңге өте алмады. Ол үшінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын деп жазады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Небәрі 57 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы атақты қарсыласына 1:6, 1:6 есебімен жол берген.

WTA рейтингінді Мугуруса 14-ші, Дияс 83-ші орында тұр.  Осылайша, Зарина «Үлкен Дулыға» санатындағы турнирді үшінші айналымда аяқтады.  

Сондай-ақ, жұптық сында литвалық Ричард Беранкиспен бірлесіп өнер көрсеткен Михаил Кукушкин Джеймс Дакворт/Марк Полман жұбынан ұтылды. Қорытынды есеп: 2-0.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир