Әли Тұрғанбеков бұған дейін Марадона, Месси, Андрей Шевченко, Неймармен кездескен болатын
Әли Тұрғанбеков УЕФА-ның суперкубогын капитаннан қабыл алып, «Ливерпуль» командасын өзі марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Стамбулда өткен ойында жеңіске жеткен команда «Челси»-мен додаға түскен еді. Марапаттау рәсіміне қатысқан ала доп тебушілердің барлығы да Әлимен құшақтасып, ыстық ықыластарын білдіріп жатты.
Естеріңізде болса, бұған дейін футболшы бала Марадона, Месси, Андрей Шевченко, Неймар секілді жасыл алаңның жұлдыздарымен кездескен болатын.