Мультиспорттық додаға әлемнің 170 елінен спортшылар келеді
3 шілде күні Италияның Неаполь қаласында 2019 жылғы жазғы Универсиада ойындары басталады. Мультиспорттық додаға әлемнің 170 елінен спортшылар қатыспақшы. Қазақстанның атынан 94 спортшы сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz.
Универсиада ойындарына үлкен құраммен аттанушылар қатарында семсерлесу спортының өкілдері бар. Жалпы, Италия төрінде 18 ноянымыз бақ сынайды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан – 16, таеквондодан 15 спортшыға сенім артамыз.
Садақ атудан – 8, нысана көздеу және стенд атудан 10 спортшы аттанады. Спорттық және көркем гимнастикадағы өкілдеріміздің саны алтау. Сонымен бірге, 4 теннисші, 10 дзюдошы және жүзу спортынан 7 спортшы Универсиада жүлдесіне таласады.