Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды

18.02.2020 16:39

Азия чемпионаты сәуірдің 16-25 аралығында Ташкентте өтеді.

//24.kz/

Оған коронавирустың өршуіне байланысты еліміздің Қытаймен шектесіп жатқаны түрткі болыпты. Сондықтан байрақты бәсеке Өзбекстанға ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті қалыптасқан жағдайды жедел түрде талқылап, жарысты Өзбекстанға көшіру туралы шешім қабылдаған. Осылайша, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты сәуірдің 16-25 аралығында Ташкентте өтеді.