Де ла Хойя GGG – «Канело» үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады

16.09.2019 16:39

Альварестің жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең нәтиже – 25

lifetolive.us

Алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жеткен болатын

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин келесі жылы біздің қарсыластарымыздың бірі болады. Ол солай болуы керек! Адамдар оны көргісі келетіні анық. Әлем бұл жекпе-жекті қалайды және Головкин де бұған лайық», – деді Де ла Хойя.

Үшінші жекпе-жекке букмекерлік кеңселердің бірі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Альварестің жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең нәтиже – 25.

Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жетті.