Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты
Испанияда бокстан «Boxam» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты. Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміспен күптелді. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.