Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді

14.11.2019 19:31

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтетін ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

ММА әлем чемпионатының ширек финалында Ерназ Мұсабек жергілікті спортшы Мансур Магомедовпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы "гогоплата" деп аталатын ерекше тұншықтыру тәсілін қолданып, бірінші раундта жеңіске жетті.

Магомедов бұл тәсілден кейін есінен танып қалды. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерназ Мұсабек әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

ММА әлем чемпионаты Бахрейнде 9 қараша күні басталды. Жарыс 17 қараша күні аяқталады.