Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар
Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен Еламан Жоламан елге оралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 7 қыркүйекте сағат 08:45-те Астана қаласының халықаралық әуежайына пара жеңіл атлетикадан XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен Еламан Жоламан елге оралды.
XVII жазғы Паралимпиада ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.
Ядро лақтырудан F35 санатында, финалда өнер көрсеткен Еламан Жоламан жарысты 7-орынмен аяқтады. Оның көрсеткіші – 11.56 метр.
Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.
Оқи отырыңыз: Ақмарал Науатбек XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды