Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүбірлі дода Польшаның Быдгощ қаласында биыл тоғызыншы мәрте жалауын көтерді.
Павел Коцур баптайтын ел құрамасы бұл жолы Германияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Сайыс барысында алдымен ел құрамасынан Алуа Нұрманова сәтті ойын көрсетті. Ол қарсыласы Джозефина Хайнеманнды қапы қалдырды. Одан кейін Бибісара Асаубаева Элизабет Патцтың осал тұсын тапты. Ал жас шахматшы Әмина Қайырбекованың жеңісі Қазақстанды жартылай финалға шығарып, қорытынды есепті бекітті.
Енді ел құрамасы жартылай финалда Франциямен кездеседі.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 4 жеңіске қол жеткізіп, соңғы турда Грузиямен тең түскен еді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!