Жәнібек Әлімханұлы айқассыз-ақ әлем чемпионы белбеуін алады

23.08.2022 16:46

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартып, келесі салмаққа өтіпек

meta-ratings.kz

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) толыққанды әлем чемпионы белбеуін жекпе-жексіз иеленетінге ұқсайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартып, келесі салмаққа өтіпек. Осыған байланысты америкалық басылым осындай пайым шығарып отыр.

"Андраде орта салмақта WBO белбеуі үшін Жәнібек Әлімханұлымен жоспарланған жекпе-жекке шықпайтын болды. Санкция беретін құзыретті орган бұл айқас қараша ортасында өту керек деп шешім шығарған. Ал 20 шілдеде шартарды келісу үшін командаларға бір ай уақыт берген.

Бұл уақыт өтті, бірақ, келісімшарт жасалмады. BoxingScene.com-ге белгілі болғандай, Андраденің командасы бұрынғы жоспарына қайта оралмақ, боксшы суперорта дивизионға өтіп, Зак Паркермен (22-0, 16 КО) аралық жекпе-жекке шығады. Әзірге бұл айқасқа рұқсат жоқ, өйткені мұны WBO мақұлдау керек.

Суперорта салмақтағы уақытша чемпион атағы үшін Андраде - Паркер айқасы Дерби қаласында мамырда өту керек болған. Алайда Андраде 2 мамырда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Осыдан кейін бұл кездесуге берілген санкция кейін қайтарылып, WBO америкалықты орта салмақтағы белбеуін Әлімханұлына қарсы қорғауға міндеттеді", - деп жазады boxingscene.com басылымы.