Ал енді өзіміз отырып шай ішейік – Геннадий Головкин

08.04.2022 16:49

Бүгін спортшы 40 жасқа толды

Геннадий Головкин Ғacebook парақшасынан

Бүгін – әлемге әйгілі боксшы, бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин туған күнінің Токиода атап өтіп жатыр. Бұл туралы боксшы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Kazakh special diet. Ал енді өзіміз отырып шай ішейік. На казахской диете", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 7 сәуірде Токиода Головкин мен Мұратаның қатысуымен орта салмақтағы бірігу жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын. Қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, алдағы жекпе-жектегі үміттерімен бөлісті.

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді.

Геннадий Головкин 1982 жылы Қарағандыда туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003).

2003 жылдан бері – «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы – спортшы. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006).

Ол ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.

75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы.

Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010).

Геннадий Головкин – орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, оның 38-інде жеңіске жеткен.

ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003).

«Құрмет» орденімен марапатталған.