Турнир 29 сәуірде Алматыда өтті
Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріне қатысты. 28 жастағы Шәріпованың қарсыласы 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренко болды.
Қазақстандық спортшы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен. Бұл жолы да Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасап, кездесудің 13-секундында оны нокаутқа түсірді.