Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды

09.06.2022 16:51

Өлімге бас сүйек-ми жарақаты себеп болған

© Sputnik / Тимур Батыршин

Рингте көлеңкемен жұдырықтасқан африкалық боксшы Симисо Бутелези бас сүйек-ми жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оңтүстік африкалық боксшы Симисо Бутелези 7 маусымда 24 жасында көз жұмды. Өлімге бас сүйек-ми жарақаты себеп болды. Спортшы комаға түсті, дәрігерлер ота жасай алмаған.

Бутелези 5 маусымда Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) Африка чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жатқызылған.

Оныншы раундта ол отандасы Сифесихле Мнтунгваны нокдаунға жіберді. Ол орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді. Алайда Бутелези қарсыласына қарама-қарсы бағытқа бұрылып, ауаға соққы жасап, көлеңкемен жұдырықтаса бастады. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатты.