Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры беріледі
"Ұлы дала жорығы" аясында Маңғыстау облысының шабандозы рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Рекорд" командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 8 сағат 44 минут 9 секундта бірінші болып кесті.
Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен "Рекорд" командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.
Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры беріледі.
1-орынға - 2,5 миллион теңге, 2-орынға - 2 миллион теңге, 3-орынға - 1,5 миллион теңге.